Аннотация
Отзывы
Монографияда БҰҰ-ның «2030 Күн тәртібінің» мақсаттарына сәйкес тұрақты дамуға қол жеткізудің тиімді құралдарын қалыптастыру үшін теориялық- әдіснамалық негіздер қарастырылған және практикалық қадамдар негізделген. Тұрақты дамуды басқарудың теориялық және әдіснамалық негіздері және ESG және
отандық озық ақпараттық технологиялар қағидаттарында тұрақты дамуды басқару құралдарын қалыптастыру қажеттілігі зерттелді; қазіргі заманғы экономикалық сын- тегеуріндер контекстінде банк жүйесін дамытудың ұлттық басымдықтары анықталды; экономиканың тұрақты даму индикаторларына сәйкес басқарудың әлеуметтік-жауапты стратегияларын әзірлеуге ықпал ететін банк жүйесін басқарудың неғұрлым оңтайлы құралдары анықталды. Ұсынылған зерттеу нәтижелері бойынша басқару функциясын модельдеу негізінде банк жүйесінің тұрақты даму бағыттары, банк саласының қалыптасуы мен тиімді жұмыс істеуін бағалаудың кешенді әдістемесі, сондай-ақ тұрақты даму мүддесінде оның басқарушылық шешімдерін жетілдіру негізінде банк қызметін жандандыру ұсынылды.

