Аннотация
Отзывы
Оқу құралында девиантты мінез-құлық психологиясының болмысы, негізгі теориялық-әдістемелік қағидалар, ауытқы мінез-құлықтың түрлері, жасөспірімдердің индивидуалды-психологиялық ерекшеліктері, биологиялық және әлеуметтік факторлардың өзара байланыстары, асоциалды және қоғам тәртібіне қарсы топтардың құрылу механизмдері, жасөспірімдердің виктимділігі, девиантты мінез-құлықтың қалыптасуындағы отбасының ықпалы, мінез-құлықтың қалыптасуына БАҚ-тың, биәлеуметтік топтардың жасөспірімдерге әсері. Суицид мәселесінің өзектілігі, тарихи сипаттамасы, суицидті мінез-құлықтың қалыптасуындағы негізгі факторлар мен себептер, суицидтік мінез-құлықты анықтау және оның алдын алу шаралары мен топтастырылуы. Психологиялық-педагогикалық превенция (алдын алу) және интервенция (психокоррекциялық шаралар): түзету іс-әрекеттерін ұйымдастыру негіздері, делинквентті мінез-құлықтың алдын алудағы әлеуметтік- психологиялық жаттығу жұмыстары, пайдаланылатын психологиялық әдістер мен әдістемелер ұсынылған. Оқу құралы магистрант-психологтарға, студенттерге және девиантты мінез-құлықты жасөспірімдерді ғылыми тұрғыда қарастыратын зерттеушілерге арналған.