
Домбыра-бас аспабына лайықталған шығармалар.
ISBN: 979-0-803858-28-1
Добавлено
Авторы: Басықара Е.
Аннотация
Отзывы
Бұл жинақ – домбыра-бас аспабына арналған алғашқы кітап. Осы ұсынылып отырған «Домбыра-бас аспабына лайықталған шығармалар» жинағы құрылымы мен мазмұны жөнінен жоғары оқу орындары мен музыкалық колледждерде оқытылатын домбыра-бас мамандығы пәнінің оқу бағдарламасының репертуарына сай келеді. Бұл кітаптың мазмұнына оқу үрдісінде орындалып жүрген Қазақстан мен шетел композиторларының кейбір шығармаларымен қатар, домбыра-бас аспабында бұрын орындалмаған, жаңадан лайықталып түсірілген шығармалар да енген. Шығармалар домбыра-бас аспабына ыңғайлы лайықталып, ноталары түсінікті тілде жазылған және жылдамдықтары мен нюанстары қойылған. Болашақта бұл кітап домбыра-бас аспабының оқу және концерттік репертуарларын кеңейту үшін өте қажет еңбек болады деп ойлаймыз.
Вас может заинтересовать
Узнать больше