Аннотация
Отзывы
Монографияда ХІХ ғасырдағы екі кезеңге бөлініп, сатылы да жүйелі түрде жүргізілген отарлық езгінің сол кезеңдерде өмір сүрген әдебиет өкілдерінің ең ірі тұлғалары Дулат Бабатайұлы мен Абай шығармаларындағы суреттелу жайы әдебиеттің тарихилық принципі негізінде біртұтас әдеби сарын ретінде қарастырылған. Қазақ әдебиеті тарихында жаңа әдеби тектер мен түрлерді тудыру, поэзияның көркемдік-эстетикалық сапасын арттыру, жаңа жазба әдебиет сипаттарын дүниеге әкелу сияқты көркемөнердегі тұтасқан жаңа әдеби бағыттың қалыптасуындағы Дулат шығармашылығының маңызы сол дәуірдегі қоғамдық, әлеуметтік, тарихи жайлармен байланыстыра талданған. Отаршылдардың елді рухани тәуелділікке түсірген кезеңінің қасіреті мен кеселдерін ашып көрсетудегі Абай мұрасының ақиқат қалпын сол кезеңнің тарихи жайларымен, отарлау саясатының астарлы мәнімен байланыста ала отырып, Абайдың өзі нәр алған рухани, мәдени бастауларды отарлық езгіге карсы күресте идеялық-көркемдік тұрғыда қолдану ерекшеліктері, туған елінің ұлттық бостандығы жолындағы хакімдік, ақындық және қайраткерлік еңбектерінің тарихи және әдеби маңызы зерделенген. Ұлтымыздың өткен өмір асуларын, ел кемеңгерлерінің ұлағатты ой-танымдарын тағлым тұтар ұрпаққа берер бұл еңбектің әдеби, тарихи, танымдық мәні зор.