Аннотация
Отзывы
| «Экологиялық туризм негіздері» оқулығы экологиялық туризмнің ғылыми-әдістемелік негіздерін қамтиды. Оқулық тұрақты экологиялық туризмнің анықтамасы мен тұжырымдамалары, туризмнің табиғи экожүйелерге ықпалы, оқыту әдістері, экологиялық турларды жоспарлау, әлеуметтік-экономикалық және құқықтық мәселелер сияқты негізгі аспектілерді қарастырады. Оқулық экологиялық сауаттылық пен мәдениетті қалыптастыруға ықпал етеді және экологиялық тақырыптарды білім беру бағдарламаларына біріктіре отырып, оқыту мен тәрбиелеудің практикалық әдістері мен құралдарын ұсынады. Оқулықтың негізгі мазмұны табиғатты құрметтеуге және оның ресурстарына тұрақты көзқарасты қалыптастыруға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғауға белсенді қатысуға қабілетті мамандарды даярлау үшін маңызды ресурс болып табылады. Оқулық туризм саласының мамандықтары бойынша оқитын білім алушыларға, сондай-ақ қоршаған ортаны қорғау саласындағы оқытушылар мен мамандарға арналған. |

