Аннотация
Отзывы
Монография Қожасай кен орнында жасанды ауытқу бұл белгілі жоспар бойынша белгіленген нүктеге дейін түптікті жеткізуімен бұрғылау үрдісіндегі ұңғыманың оқпандарының бағыты, мұндай ұңғымаларды бұрғылау және игеру жаңа мұнай және газ кен орындарының қалыптасуын жеделдетеді, қабаттардың мұнайгаз бергіштігін арттырады, капитал мен қымбат материалдарға деген шығындарды төмендетеді. Еңістене бағытталған ұңғымалар нашар коллекторлармен кен орындарын алғаш рет меңгеру кезінде және ұңғымалардың аз дебитті және әрекет жасамайтын қорларды қайтып жаңғырту кезінде өнімді қабаттардың мұнай және газ бергіштігін арттыру үшін қолданылады. Қожасай кен орнындағы бұрғылау жұмыстарының нәтижесінде төменгі тас көмірлі қабаттан төртіншілік кабатқа дейінгі қабаттар комплексі бөлшектеп зерттелді. Тіліктерді стратиграфиялық мүшелеу кешінде геологиялык-геофизикалық материалдар, керн үлгісі арқылы политологиялық анықтамалар қолданылды. Қожасай құрылымының Жаңажолға тікелей шектесуі карбонатты қабаттарды жоғары карбонатты қабатты (КҚ-1) сенімді түрде жатқызуға мүмкіндік береді. Кабаттардың қалыңдығы 42- деп К 83 ұңғымасы 269- ға Г- 87 ұңғыма дейін өзгеретіндігі анықталған.