Аннотация
Отзывы
Оқу құралында физика пәні бойынша есеп түріндегі тапсырмаларды орындаудың қарапайым әдістері қарастырылған. Физикалық есептер тест тапсырмалары түрінде берілген, есептерді шешу алдымен физикалық құбылыстың негізін талдауға, онан соң физикалық құбылысты сипаттайтын өрнегін анықтауға, есептің шартында берілген шамаларды бір жүйге келтіру сияқты этаптар түрінде берілген, оқу құралының ең басты ерекшелігі- тест тапсырмаларын жауабын көрсету емес, оны есептеп шығару арқылы дұрыс жауабын дәл анықтауға басты назар аударған. Оқу құралында үлгі үшін шығарылған есептерден басқа талапкердің өз күшімен шығаруына арналған бір және көп жауапты 1200 аса тест түріндегі физикалық есептер берілген. Оқу құралы мектеп оқушылары жəне жоғары оқу орнына түсуге талапкерлерге физика пəні бойынша Ұлттық Біріңғай Тест тапсырмаларын шешуде таптырмас көмекші кұрал болып табылады. Оқу құралы орта мектеп оқушылары мен колледж оқушыларына, жоғары оқу орнына түсушілерге арналған. Сонымен қатар, орта білім беру мәселесімен айналысатын ғылыми-педагогикалық қызметкерлердің пайдалануына ұсынылады.