Аннотация
Отзывы
Оқу құралында шекті және шекаралық элементтердің сандық әдісі негі- зінде тасымалдаушылардың компьютерлік модельдерін құрудың теориясы мен тәжірибесі қарастырылған. Ғылыми зерттеулерді ұйымдастыру әдіс- темесінің мәні және объектілерді, құбылыстарды және табиғи процестерді зерттеудегі ақпарат құралдарының әдістері мен моделдерінің рөлі жан- жақты сипатталған. Бағдарламаның техникалық сипаттамасы және ішкі бағдарламалар, бағдарламаны пайдалану нұсқаулары берілген. ДК-де іске асырылатын бағ- дарламаны пайдалану негізінде осы сандық әдісті қолдану мүмкіндіктерін және тасымалдаушылардың жасалған математикалық модельдерін көрсете отырып, нақты қолданбалы есептерді шешу нәтижелері ұсынылған. Материалды меңгеруді жеңілдету үшін оқулықта қарастырылған әдістер мен алгоритмдердің көпшілігі оларды шешудің тәжірибелік мысалдарымен және СӨЖ-на арналған тапсырмалармен қамтамасыз етілген. Оқу құралы Ақпараттық жүйелер, Есептеу техникасы және бағдарламалық қамтамасыз ету, Бағдарламалық инженерия және Механика білім беру бағдарламалары бойынша оқитын студенттер мен магистранттарға арналған.