Аннотация
Отзывы
Кітаптың атауы айтып тұрғандай, қолдарыңызға түскен бұл практикалық нұсқаулықтың шығуына Қазақ елінің тұңғыш кәсіби режиссері, Қазақстанның халық артисі, профессор Асқар Тоқпановтың «Драма үйірмелерінің жетекшілеріне» атты нұсқау-кеңестері арқау болған. Авторлар осы тақырыпты кеңейте отыра, сахна өнері саласында білім алушы жастарға, ауыл сахнасында ашылып жатқан халық театрының өнерпаздарына, сонымен қатар жалпы үлкен сахнаға, қасиетті «актер өнеріне» қызығушы, кәсіби емес өнерге талпынушыларға Асқар Тоқпанов пен белгілі режиссер-реформатор Болат Атабаевтың жазған еңбектерін қарапайым, түсінікті тілде жеткізуге тырысқан. Кітап болашақ өнер иелеріне кеңес ретінде, ауыл мәдениет үйлерінің кәсіби деңгейінде драмалық шығармалармен жұмыс істеуде пайдалы нұсқау болары сөзсіз.