Аннотация
Отзывы
Оқу құралында білім беру мазмұнын жаңарту жағдайында критериалды бағалау жүйесінің информатика пәнін оқытуда қолданылуы қарастырылады. Орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемесі мен теориясының негізгі мәселелері, информатика мұғалімін кәсіби даярлау жүйесіндегі орны, педагогика, психология және информатика ғылымымен өзара байланысы талқыланады. Қоғамның алға қойған мақсаттарына сәйкес информатиканы оқытудың негізгі заңдылықтары қарастырылады. Мектепте информатиканы оқытудың мақсаттары мен міндеттері анықталады. Жалпы білім беретін орта мектепте информатиканы оқытудың әдістемелік жүйесі, оның негізгі бөліктері және оқытуға қажетті құжаттар, мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттары мен білім беру стандартының функциялары мен орны түсіндіріледі. ЖОББМ-де информатиканы оқыту тұжырымдамалары мен үздіксіз оқытудың үш кезеңдік құрылымы қамтылған. Оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орындарының «6В01501 – Информатика мұғалімдерін даярлау» білім беру бағдарламасының білім алушыларына, информатика мұғалімдеріне, әдіскерлерге және білімді ақпараттандыру мәселелерімен айналысатын мамандарға арналады.

