Аннотация
Отзывы
Іскерлік ағылшын тілі оқулық тілдік және тілдік емес білім бағдарламалары студенттеріне арналған. Оқу құралында іскерлік ағылшын тілінің ерекшеліктері, атап айтқанда жұмысқа орналасуға арналған резюме, өтініш және т.б. құжаттарды толтыру, хат алмасу, түрлі кездесулер бойынша дәрістер, тапсырмалар, бақылау сұрақтары дайындалған. Аталған оқулықпен тілдік дайындығы бар студенттер де өз бетінше, пайдалана алады. Саяхатқа шығуға, шетелден келген қонақтар мен туристтерге гид болуға қажетті ережелер, келіссөздер жүргізу, контракт түрлері, сауда жасау кезінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері, шағым түрлері және тағы басқа құжат түрлері берілген. Оқулық 6 сабақтан тұрады, әр тақырыпқа мәтіндер, диалогтар, тілдік пікірлер, глоссарийлер, тілдік түсініктемелер, лексикалық және грамматикалық жаттығулар бар. Әр сабақтың соңында тест тапсырмалары берілген. Оқулық студенттерді өзіндік жұмыстарға арналған оқу мәтіндер және практикалық тапсырмалармен қамтиды

