Аннотация
Отзывы
«Көпмəдениетті білім беру пəн ретінде» атты оқу-əдістемелік құралы көпмəдениетті білім беру əртүрлі нəсілдік, этникалық, мəдени жəне əлеуметтік-экономикалық топтардың өкілдері үшін білім берудегі теңдікті қамтамасыз етуге, сондай-ақ олардың инклюзивті ұлттық азаматтық мəдениетке сыни жəне ойлы азаматтар ретінде қатысуына ықпал етуге бағытталған. Көпмəдениетті білім беру саласының теоретиктері аталмыш академиялық білім мен дағдыларды қажет деп санайды, бірақ əртүрлі елде жəне əлемде жұмыс істеу үшін ол да жеткіліксіз болуы мүмкін. Олар демократиялық өмір салты дағдыларын əртүрлі топтарда жəне олардың арасында тиімді жұмыс істеу қабілетін оқытудың маңызды мақсаттары ретінде қарастырады. Көпмəдениетті білім беру əр түрлі топтар арасындағы терең жəне тұрақты əлеуметтік бөліністерді жоюға жəне инклюзивті, əрі трансформацияланған негізгі қоғам құруға бағытталған, сəйкесінше білім беруші оқытушылар мен мұғалімдер мəдени айырмашылықтарды лайықты тұрғыда қабылдай алады. Оқу əдістемелік құралы студенттер мен магистранттарға, мұғалімдер мен оқытушыларға арналған.