Аннотация
Отзывы
Aннотация. Қазақ тілін кәсіби салаларда үйретудің басты мақсаты- болашақ мамандардың қазақша кәсіби тілін дамыту, кәсіби сала мамандарының жаңа саладағы жүйелі даярлығын күшейту Әдістемелік құралдың өзектілігі – білім алушыларды өз мамандығы бойынша мамандық тіліне бейімдеп оқыту, кәсіптік лексиканы меңгерту, ұсынылған материалдар білім алушылардың кәсіптік мамандығын ескере отырып қазақ тілін қарым-қатынас құралы ретінде меңгертуге септігін тигізеді деген ойдамын. Оқу құралының ғылымилығы - мамандыққа қатысты терминдермен жұмыс, терминдердің мағынасын түсіндіруге септігін тигізетін тапсырмалар, кәсіби сала мәтіндері берілген. Лексикалық тақырыптарды өткен кезде QR код арқылы сол тақырып бойынша ютуб каналынан бейнероликтерді көруге болады. Әр лексикалық тақырыптан кейін грамматикалық тақырыптар берілген. Нәтижелілігі: оқу құралын пайдалану барысындағы жеке тәжіри беге сүйеніп, пайдалануға оңтайлылығын, ұтымды тұстарын, тиімділігін кәсіптік лексиканы үйретуде қолдану және сабақтарымда қолдану Кілт сөздер: мамандық, термин, кәсіптік, бейімдеу, қарым-қатынас, меңгерту.

