Аннотация
Отзывы
Монографияда Қазақстанның ұлттық монументалды-сәндік гобелен өнерінің интерьермен байланысы және иновациялық даму моделдері қарастырылады. Қазақстанның бірқатар заманауи қолданбалы-сәндік өнер суретшілері туындыларына өнертанулық талдаулар жүргізіліп, шығармашылығындағы ерекшеліктері мен ізденістерінің заңдылықтары қамтылып, монументалды-сәндік гобелен өнерінің эволюциясы және Қазақстанның бейнелеу өнерінде қайта орын алу сатыларының негізгі даму кезеңдері анықталып, жүйеленеді. Сонымен бірге Қазақстанның монументалды-сәндік гобелен өнерінің көркем тоқыма шығармаларымен эстетикалық байланысы, сондай-ақ оның сәулет өнерімен біртұтастығы анықталады.
Мәселенің ғылыми деңгейде қойылуы және ұйғарымдары өнертанушы мен мәдениеттанушылардың тарихи-теориялық еңбектерінде пайдаланылып, жалғасын таба алады. Сонымен қатар, білім берушілер мен білім алушылардың және монументалды гобелен суретшілерінің шығармашылық зерттеу мен оқу-әдістемелік жұмыстарында пайдалануға болады.
