Аннотация
Отзывы
Монография мультимедиялық сценография саласындағы теориялық, ғылыми-әдістемелік зерттеу болып табылады. Монографияда сценографиядағы инновациялық техно-логиялардың теориялық-методологиялық негіздері ашылған, олар мыналарды қамтиды: визуалды шындықтың инно-вациялық технологияларының теориялық-методологиялық негіздері, қазақ театрының инновациялық сценографиясы, инновациялық сценографиядағы цифрлық трансформацияның технологиялық және әдістемелік аспектілері, қойылым процесіндегі виртуалды шындық пен архитектураның өзара байланысы, сондай-ақ инновациялық сценографияның хореографиямен байланысы, визуалды шындықтың көркемдік принциптері мен композиция заңдарын қолдану, бұл компьютерлік және медиа технологиялар негізінде қойылым процесінің даму факторларын анықтауға мүмкіндік берді. Жұмыста сценографиялық дизайндегі цифрлық технология-лар туралы халықаралық тәжірибе мен Қазақстан мысалында шолу зерттеуі жүргізілген. Қазақстанның шығармашылық индустриясы контексінде сценографияда виртуалды шындықтың концептуалды-технологиялық моделі әзірленген. Қазақстанның инновациялық сценографиясын цифрлық трансформациялау бойынша тәжірибелік-эксперименттік жұмыс жүргізілді. Жұмыс сценография (мультимедиялық сценография және театр-декорациялық өнер) білім беру бағдарламалары бойынша оқитын оқытушыларға, докторанттарға, магистрант-тарға, біліктілікті арттыру курстарының тыңдаушыларына арналған.

