Аннотация
Отзывы
Бұл монографиялық жұмыстың негізгі мақсаты – Қазақстандағы мемлекеттік шығындардың құрамдас бөліктері мен экономикалық өсу концепциялары арасында байланыс бар-жоғын зерттеу арқылы жағдайды анықтау. Осыған сәйкес, бұл жұмыста мемлекеттік шығындардың құрамдас бөліктерінің экономикалық өсуге әсері екі түрлі модель шеңберінде қарастырылып, әрбір құрамдас бөліктің қысқа және ұзақ мерзімді әсерлерінің мөлшері бағаланды. Монографиялық жұмыс үш тараудан тұрады. Бірінші тарауда мемлекеттік шығындар егжей-тегжейлі қарастырылып, мемлекеттік шығындардың анықтамасы мен көлемі, мемлекеттік шығындардың өсу себептері талқыланды. Мемлекеттік шығындардың ұлғаю себептері туралы пікірлерді зерделеу арқылы мемлекеттік шығындардың жіктелуі және мемлекеттік шығындардың экономикалық және әлеуметтік салдары зерттелді. Екінші тарауда Қазақстанда мемлекеттік шығындар жүйесінің экономикалық мазмұнына тоқталып, мемлекеттік шығындардың экономикалық және функционалдық тұрғыдан жіктелуі бойынша жасалған шығын көлемдері және шығындардың жалпы ішкі өнімге қатынасы талданды. Үшінші тарауда мемлекеттік шығындардың экономикалық өсімге әсерін зерттеу мақсатында Eviews 10.0 пакеттік бағдарламасы арқылы Қазақстандағы мемлекеттік шығындардың және экономикалық өсу деректерінің эконометрикалық талдауы жүргізілді. Зерттеу нәтижелері мемлекеттік шығындар компоненттері арқылы ұстанатын саясаттың салдары мен әсерін бағалауға ықпал етеді деп күтілуде.

