Аннотация
Отзывы
Монографияда қазіргі қазақ гобелен өнеріндегі ұлттық көркем бейнелердің эволюциясы қарастырылады. Бұл дәстүрлі қолданбалы өнерден және ортағасырлық еуропалық тұсқағаз өнерінен бастау алатын көркем шығармашылық саласы. Қазақ гобелені соңғы онжылдықтарда көркемдік және технологиялық көріністің жаңа құралдарымен, қалыптаудың дәстүрлі емес әдістерімен, сондай-ақ, өзге де көркем-бейнелі, философиялық контекстпен байытылды. Ұсынылған ғылыми жұмыста қазіргі гобелен өнеріндегі қазақтың ұлттық көркем бейнелерін бейнелеудің мәдени аспектілері қарастырылады. Герменевтикалық әдістерді қолдана отырып, Қазақстанның қазіргі заманғы қолданбалы өнер суретшілерінің саңлақтары жасаған туындыларға философиялық-өнертанушылық талдау жүргізіледі. Қазіргі Қазақстанның гобелен өнеріндегі ұлттық көркем бейнелердің кескінделу ерекшеліктерін анықтау көркем тоқыма эстетикасын мейлінше тереңірек түсінуге ықпал етіп, оның одан әрі даму жолдарын болжауға мүмкіндік береді.
Бұл монография қазіргі заманғы гобелен өнеріндегі қазақ ұлттық көркем бейнелердің авторлық көрінісінің негізгі ерекшеліктерін зерделеу бойынша ғылыми зерттеу болып табылады және арнаулы орта және жоғары көркемдік білім беру стандарттары бойынша білім алушылар үшін ғана емес, сонымен қатар, қазіргі қазақ көркем тоқыма саласындағы жоғары оқу орнынан кейінгі кәсіптік білім беру санатын арттыру үшін де пайдалы болмақ.

