Аннотация
Отзывы
Киноның тарихын, көркемдік қасиеттерін, фильм жасау техникасының әралуан тетіктерін білгісі келіп талаптанушылар республикамызда жыл сайын көбеюде. Көптеген орта мектептер мен жоғары оқу орындарында, фабрикалар мен заводтарда, колхоздар мен совхоздарда өздігінен жұмыс істейтін әуесқойлар киностудиялары және кино үйірмелері құрылуда. Олар үшін кино өнері туралы қазақ тілінде көмекші кітаптар керек-ақ. Осы талаптарды ескере отырып, оқырмандарға ұсынылып отырған бұл кітапта кино өнерінің басты мәселелері тегіс қамтылады. Киноның қалай және қашан туғаны әңгімеленіп, алданыш сауықтан оның көркемөнер дәрежесіне жетуіндегі тарихи кезеңдер, қалыптасу және даму жолдары баяндалады. Кітап 1973 жылы «Жазушы» баспасынан жарық көрген тұпнұсқа мәтінімен басылды.