Аннотация
Отзывы
| Оқу құралында қоймалау логистикасы жүйесінің теориялық және практикалық аспектілері жан-жақты қарастырылады. Бірінші бөлімде қойма логистикасының пайда болу тарихы мен даму кезеңдері сипатталып, логистикалық жүйедегі қоймалардың маңызы ашып көрсетіледі. Екінші бөлімде қоймалардың түрлері мен олардың логистикалық жүйедегі орны сараланады. Үшінші және төртінші бөлімдерде қойма қызметінің негізгі көрсеткіштері, логистикалық және технологиялық процестердің тиімді ұйымдастырылу жолдары сипатталады. Сонымен қатар, қойма жүйесін қалыптастыру мен жоспарлау ерекшеліктері, жүк ағынын басқару, контейнерлеу және орау үрдістері қарастырылған. Жұмыстың соңғы бөлімдерінде қоймалық құжаттама, қорларды басқару модельдері мен жүйелері, қоймадағы өнім қорларын есепке алу және бақылау әдістері, сондай-ақ тауарлық-материалдық қорлар логистикасы жан-жақты талданады. Зерттеу нәтижелері қоймалау логистикасын тиімді ұйымдастыру және басқару бойынша практикалық ұсыныстар беруге мүмкіндік береді. Оқу құралы «Логистика» білім беру бағдарламасының ЖОО білім алушылары үшін арналған. |

