Аннотация
Отзывы
Бұл кітап заң ғылымдарының докторы, профессор, «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», ҚР ҰҒА-ның құрметті академигі, заңгер-жазушы, Қазақстан журналистер одағы сыйлығының лауреаты (1995), ҚР “Мәдениет қайраткері” Е.Алаухановтың орындауымен тұңғыш рет оқу программасына сәйкес дайындалды. Оқулық 12 тараудан, криминологияның пәні, мазмұны, методологиясы мен әдістемесі, оның ғылым ретінде қалыптасуы және қазіргі жағдайы қарастырылады. Қылмыскерлік деген не және қылмыскер тұлғасы қандай, қоғам мен қылмыс динамикасы арасындағы байланыс, қандай қоғамдық құбылыстар қылмыс пен қылмыскерліктің детерминанттары болып табылады деген сұрақтарға жауап беріледі. Жоғарыда айтылғандарға сүйеніп қылмыскерліктің кейбір түрлеріне жан-жақты талдау жасалынады және онымен күрес тәсілдері қаралады. Оқулық заң жоғары оқу орындары мен факультеттерінің студенттеріне, аспиранттарына және оқытушыларына, тергеу, прокуратура, сот органдары қызметкерлеріне, сондай-ақ қазіргі криминология проблемасымен айналысатындарға арналған.