Аннотация
Отзывы
Бұл еңбекте автор алдымен Күлтегін өмір сүрген дәуірді және оның тарих сахнасына қалай шыққандығын, істеген істері мен артында қалған мұрасын, ескерткіштің орнатылуының түпкі мән-жайын зерттейді. Отандық түркологияда алғаш рет зерттеліп, оқырманға ұсынылып отырған еңбектің басты жаңалығы – Күлтегін ескерткішіндегі көне түрік- ше және қытайша мәтіндердің мазмұнын тарихи-деректану тұрғысынан зерттеп, ондағы әрбір сөз бен сөйлемнің, ұғымның тарихи астарын, мән-мағынасын, деректік құндылығы мен әлеуетін, шынайылығын ашып бергендігінде. Түркология әлемінде белгілі көптеген зерттеушілердің еңбектерін және қытай тілді көне деректерді пайдалана отырып жазылған бұл күрделі зерттеу отандық тарихнамаға және түркология саласына қосылған үлкен үлес деуге болады.