Аннотация
Отзывы
Ғылым мен техниканың ғарыштап дамып, барлығы сандық жүйеге өтіп жатқан бүгінгі таңда, басқатырғыштар да сандық жүйеге ауыстырылып ПАЗЛ аталуда. Ондаған жылдар көпшіліктің хоббине айналған кроссвордтар, заман талабына сай жай ғана арифметикалық сандармен құрастырылған қызықты да қыйындығы, құрылымы аралуан пазлдар əлемдік деңгейде кең таралуда. Сандармен құрастырылған пазлдардын барлық түрлері, автордың да пазлдары бар, осы жинақта топтастырылып, олардың құрылымы, ерекшеліктері мен шешу жолдарының əртүрлі варианттары берілген. Озық ойлы, жоғары интеллектуалы, импровизациялық қасиетке тəн қазақ жастары үшін өте қажет дүние бұл. Ойын ұштап, есте сақтау қабілетін арттыруға, шыдамдылық пен төзімділікке, қандай қиын мəселелер болса да қиналмай, шешімін оңай табуға болатын жолдарын үйретеді. Қызығы мен қиындыққа толы бұл кітап, түсине келе, уйрене келе ПАЗЛдың фанаттарына айналар көпшілікке арналған.