Аннотация
Отзывы
Бұл монографияда жер шарын мекендеген адамзаттың қалыпты өмір сүруі үшін аса қажетті философия, мәдениеттану, әлеуметтану және саясаттану пәндеріне коллаборация жасалып, олардың симбиотикалық қолданылуы дипломаттық, толеранттық, бірегейлік принциптері арқылы пәнаралық байланыста қарастырылады. Әлеуметтік-философиялық симбиоз бағытында жоғары академиялық білім беру арқылы әлем халықтары арасындағы ақпарат пен тәжірибе алмасу, нақты тақырыптар бойынша тұжырымдамалар мен әдістерді зерделеу қажеттілігі бар деп танылды. Монографияның мақсаты «мәдени ынтымақтастық», «құқықтық мемлекет», «әлеуметтік даму», «экологиялық мәдениет», «көпмәдениеттілік» «этнотолеранттылық», «философиялық мәдениет», «мәдени тану», «мәдени иемдену», «бұқаралық мәдениет», «танымал мәдениет», «мәдени бірегейлік» сынды бірқатар бітімдік ұғымдарды әлеуметтік-философиялық контексте тұжырымдау. Осы арқылы Қазақстанның жоғары академиялық білім беру жүйесінің ары қарай дамуын көздей отырып еліміздің бейбітшілік пен татулық бесігінде ұзақ ғұмыр кешуіне ықпал ету. Монография қоғамдық-гуманитарлық бағыт бойынша білім беру бағдарламаларын игеруші студенттер мен олардың оқытушыларына, магистранттар мен докторанттарға және мәдени қатынастар жүйесі тақырыбын кеңірек түсінуге ұмтылушыларға арналған

