Аннотация
Отзывы
Ұсынылып отырған монографияда әлемдегі моноқалалардың қалыптасуы және әлеуметтік-экономикалық дамуының және моноқала ұғымдарының экономикалық жүйедегі ғылыми-теориялық негіздері, моноқалалардың даму стратегияларының шетел тәжірибелерін Қазақстанға бейімдеу, еліміздегі моноқалалардың әлеуметтікэкономикалық жағдайын талдау мәселелері зерттелген.
Сонымен қатар ғылыми зерттеуде Қазақстандағы моноқалалардың әлеуметтік-экономикалық дамуының стратегиялары, бір салалы елді мекендерде шағын кәсіпкерліктің дамуын жетілдіру, моноқалалардың дамуының болашағы және бағыттары қарастырылған Аталмыш монография осы мәселелермен айналысып жүрген ғалымдарға, жоғарғы оқу орнының студенттеріне, магистранттар мен докторанттарға оқу және ғылыми зерттеу жұмыстарында пайдалануға бағытталған.

