Аннотация
Отзывы
Оқу құралы «Мұнай мен газ өңдеу технологиясы» білім беру бағдарламасы бойынша оқитын магистранттарға, сонымен қатар мұнай-газ, мұнай-химия салаларының білім алушыларына, осы салалардың инженер-техникалық және ғылыми қызметкерлеріне, кәсіптік және жоғары оқу орындарының оқытушыларына арналған. Кітапта термолиздік үдерістердің қазіргі жағдайы; термиялық крекингтің теориялық негіздері мен технологиясы; көмірсутектерді пиролиздеу үдерісінің теориялық негіздері мен технологиясы; пиролиздің дәстүрлі емес әдістері; мұнай шикізатын кокстеу үдерістерінің технологиясы; мұнай қалдықтарын асфальтсыздандыру мен металсыздандырудың терможанаспалы үдерістері; каталитикалық емес гидротермолиздік үдерістер; мұнай битумдарының құрамы мен қасиеттері; қалдық битумдар өндірісі; тотыққан және компаундталған битумдарды түрлендіру; әр түрлі мұнайдан битумдар алу мәселелері жөнінде мәліметтер келтірілген.