Аннотация
Отзывы
| Аталған оқу-әдістемелік құрал көркемсурет мамандығында білім алатын колледж студенттеріне, сондай-ақ оқу тәжірибесін жүргізетін оқытушыларға да ұсынылады. «Оқу тәжірибесі – Пленэр» атты оқу-әдістемелік құралдың негізгі мақсаты – білім алушылардың ашық кеңістікте бейнелеу дағдыларын қалыптастыру. Бұл оқу-әдістемелік құралда табиғат аясында сурет салудың теориялық негіздері мен практикалық ерекшеліктері жүйелі түрде қарастырылған. Сонымен қатар оқу тәжірибесін ұйымдастыру, кезең-кезеңімен орындау талаптары, қауіпсіздік ережелері және білім алушылардың өзіндік жұмысын жүргізуге арналған әдістемелік ұсыныстар және иллюстрациялармен қамтылған. Құралдың мазмұны колледждің оқу бағдарламасына сәйкес әзірленіп, білім алушылардың жас ерекшелігі мен дайындық деңгейін ескереді. |

