Аннотация
Отзывы
Жинақтағы: Автордың Дана халқымыздың сөз өнері білімдік-тәрбиелік міндеттерді шебер пайдалана білуі және еңбекте тұжырымдалған терең мағыналы мақал-мәтелдердің молдығы жинақтың тәлімдік мәнін арттыра түседі. Тәлім-тәрбие беретін, өнер-білімге шақыратын халық мақал-мәтелдері, жастарды келесі ұрпақты өнер-білімді үйренуге баулиды. Адалдықты, адамдықты насихаттайды, ақылды мінезді адамдарды жастарға үлгі етіп, надандықты, талапсыздықты және жағымсыз мінез-құлықты мансұқтайды. Мақал-мәтелдерді ой елегінен өткізіп, бойыңа сіңіру — өнердің өнері, білімпаздың білгендігі, жүйріктің озып келуі мен топ жарып суырылуымен тең.... Жігітке жетпіс өнерде аз — дегендей "Өнер ‐ бұлақ, білім - шырақ" деп дана халқымыз өнер мен білімді әрқашан қатар қойғанын айшықтай түскендей.... Жинақ жалпы орта білім беретін мектептердегі ән сабағы мен музыка мектебі оқушылары, орта және жоғары оқу орындары студенттеріне (музыка кафедрасының негізгі аспап, қосымша аспап, сольфеджио пәндеріне) заман талабына сай Егемен еліміздің болашақ ұлтжанды ұл-қыздарына және оқытушыларға әдістемелік көмекші құрал ретінде ұсынылады.