Аннотация
Отзывы
Бұл оқулықта кәсіпорындағы операциялық менеджмент тақырыбы жан-жақты қозғалған. Осы мақсатта тауарлар мен қызметтерді жасайтын операциялық жүйелерді жобалауға қатысты мәселелер бұл оқулықтың ауқымы мен мазмұнын құрайды. Бұрын тек тауар шығаратын өндірістік кәсіпорындарға ғана қатысты болған бұл функция уақыт өте келе қызмет көрсету секторының экономикадағы рөлінің артуымен қатар осы сектордағы ұқсас мәселелермен айналыса отырып, операциялық фунция атауын ала бастады. Сондықтан бұл оқулық тауарларды да, қызметтерді де өндіретін кәсіпорындарды қамтиды және осы тауарлар мен қызметтерді өндіру кезінде кездесетін мәселелерге шешімдер ұсынады.
Бұл оқулық менеджмент білім беру бағдарламасында оқитын студенттер мен магистранттарға және осы салада жұмыс істейтін практиктер мен оқытушыларға арналған.

