Аннотация
Отзывы
Бұл оқу құралында соңғы уақыттардағы ғылыми әдебиеттер мен алдыңғы қатарлы тәжірибелік ақпараттар ескеріле отырып, белгілі жаттықтырушылар мен мамандардың іс-тәжірибелеріне негізделген мәліметтер жинақталған. Сонымен қатар, мұнда қолда бар мәліметтерді жүйелендіру мүмкіндігі жасалып, жаңа бастаушыларға ойынның тәсілдерін игерудің қадамдық стратегиясын оңай қабылдау үшін ыңғай жасалған. Осы оқу құралынан паралимпизм қозғалысы, адаптивті спорт мақсаты, міндеттері, принциптері, бағыттары мен классификациялары, ондағы жаттығу, дайындық және жауапкершілік мәселелері туралы мәліметтерді кездестіруге болады. Спорт саласының арнайы мамандандырылған бағытына арналған бұл кітап қазақ тілінде алғаш рет шығарылып отыр. Аталған оқу құралы Олимпиадалық, Паралимпиадалық, Сурдлимпиадалық білім мен спорт түрлеріне қызығушылық танытатын жалпы оқырмандарға және спорттың осындай мамандандырылған түрлерімен айналысып бастаған азаматтарға, сондай-ақ, дене тәрбиесі мен спорт бағытындағы студенттерге, магистранттарға, докторанттарға, сондай-ақ жаттықтырушылар мен сала мамандарына арналған. Кітап Қазақ спорт және туризм академиясының құрылуының мерейлі 75 жылдығына арналады.