Аннотация
Отзывы
Оқу құралы педагогикалық бағыттағы білім алушылардың кәсіби даярлығын жетілдіру және олардың құқықтық сауаттылығын дамыту мақсатында әзірленген. «Педагог қызметінің құқықтық негіздері» пәнін меңгеру барысында білім алушылар педагогикалық қызметті реттейтін негізгі құқықтық актілермен танысып, олардың мазмұны мен қолдану ерекшеліктерін игереді. Құралдың құрылымы пәннің силлабусына сәйкес жасалып, теориялық материалдармен қатар практикалық тапсырмалар мен кейс-талдауларды қамтиды.
Оқу құралы педагогикалық жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына, сондай-ақ білім беру ұйымдарының басшылары мен педагог кадрларға кәсіби-құқықтық құзыреттілікті қалыптастыру және жетілдіру мақсатында арналған.

