Аннотация
Отзывы
Философия – адамзат дамуындағы әлем туралы мифологиялық, діни және натурфилософиялық қабаттардан кейінгі дүниетаным сатыларының ең соңғысы, қарапайым тіршілікке негізделген тұрмыстық ойлар деңгейінен жоғарыға көтерілген алғашқы танымдық ой-пікілер мен ұсыныстар және оларды негіздеуде ерекше логикалық, гносеологиялық критерийлерді пайдаланып, реалды теориялық әдістер арқылы жетілуді жүйелеуші алғашқы ғылым. Философия – адамзаттық болмыс негізі мен принциптерінің іргетасы, адамның табиғатқа, қоғам мен рухани өмірге деген қатынастарының мәндік сипаттары туралы жасақталған ілімдер жүйесі, әлемді танудың ерекше формасы. «Философия» - барлық орта және жоғары оқу орындарындағы міндетті түрде өтілетін гуманитарлық пән. Студент жастардың бір нысанға деген қызығушылығын туғызбай, оны қабылдау мен игеруге жетелеудің нәтижесі өнімсіз. Сондықтанда назарларыңызға ұсынылып отырған «Практикалық философия» атты «философия» пәні бойынша философиялық емес және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттеріне арналған оқу құралы логикалық-танымдық ойындар арқылы студенттерді «философия» пәнін жеңіл игеруге тартуды басты мақсат тұтады. Практикалық философия тек философия пәнінен ғана емес, қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы барлық пәндерді игеруші студенттерді өз бетімен білім алуға, өмір бойы жаңашылдыққа ұмтылып, білім алуды өмірлік ұстаным етуге, талмай ақпараттар іздеуге, оны ақыл сүзгісінен өткізуге, өзіндік ой тұжырымдауға жетелейді. Оқу құралы «философия» пәнін жүргізетін философиялық емес және қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы білім беру бағдарламаларының оқытушылары мен студенттеріне, кураторлар мен эдвайзерлерге арналған.