Аннотация
Отзывы
Бұл еңбек Қазақ тарихын зерттеудегі географиялық қоғамдардың (ГҚ) Қазақстан аумағын зерттеу тарихы және Қазақстандағы ХІХ ғасыр аяғындағы Географиялық Қоғамының қалыптасуының алғышарттары қоғамдардың құрылу тарихы және оның жүргізген мәдени-ағартушылық жұмыстарын зерделеуге арналған. Ғылыми еңбектің дәріс тақырыптары бойынша берілген аса маңызды тарихи оқиғаларды көпшілікке таныстыру, сонымен қатар, сол уақытта қазақ даласында болып өткен барлық экспедициялар, олардың жүргізген зерттеулерінің нәтижелері туралы толық, әрі құнды мәліметтер ала алады. Оқу құралында Географиялық Қоғамының тарихы, атқарған жұмыс- тары, оның эволюциясы, Қазақстан аумағындағы географиялық қоғамының елімізде құрылған бөлімшелерінің аймақтық қызметі бүгінгі күнге дейінгі тарихы ғылыми тұрғысында қарастырылған. Сонымен қатар, оқу құралы студенттердің тарихи құбылыстарға сыни көзқарасын дамытуға, олардың эвристикалық дағдыларын сабақта қолдануға мүмкіндік береді. Оқу құралы бакалавриаттың «6В01606-Тарих-география», «6В011400- Тарих», «6В020300-Тарих», «6В050500-Аймақтану »білім беру бағдарламалары мамандықтарының студенттеріне арналған.