Аннотация
Отзывы
Монография Қазақстан Республикасында мұрагерлік қатынастың құқықтық мәселелерін кешенді зерттеуге арналған. Монографияда мұрагерлік құқық инсти-тутының теориялық және практикалық мәселелері қарастырылған. Еңбекте мұра-герлік құқық институтының негізгі ұғымдары мен санаттары, пайда болуы мен дамуы, мұрагерлік құқыққатынастың түсінігі мен оның элеменеттері, мұрагерлік құқықтың түрлері, өсиет бойынша және заң бойынша мұрагерлік ережелері мен ерекшеліктерінің мазмұны ашылған. Зерттеудің нәтижесінде мұрагерлік құқықты реттейтін Қазақстан Республикасы-ның азаматтық заңнамасының ережелерін және оны қолданудың тәжірибесін жетілдіру бойынша теориялық тұжырымдар мен ұсыныстар әзірленді. Монография жоғары білім беру орындарының студенттері, курсанттары, тыңдаушылары, магистранттары, докторанттары және оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, құқық қорғау қызметкерлері үшін маңызы бар оқу құралы. Сонымен қатар азаматтық құқықтың қоғам өмірі үшін маңыздылығын ескере отыра, азаматтық құқыққа қатысты мәселелер қызықтыратын барша оқырман қауымға да арналады.