Аннотация
Отзывы
Қазақтану идеясы газет-журнал бетінде аракідік карастырылып келді. Бірақ проблема тарихи, идеялық және әдістемелік негізде кең зерттеле қойған жоқ. Проф. Ж.Молдабеков өзінің “Қазақтану" оқу құралында осы мәселе туралы ойын кешенді және түрлі білімаралық бағытта жүйелейді. Автор қазақтану проблемасын көптеген тарихшылардың. әдебиетшілердің, этнографтардың, философтардын еңбектеріне сүйене отырып талдайды. Оқу құралында қазақ, халқының өмір сүру салты, мемлекеттік құрылымы, ойын-сауығы, ақын-жыраулығы, ағартушылық және шипагерлік тәжірибесі арнайы талданылады. Автор қазақтанудың қалыптасу кезеңдеріне, оның объектісіне және негізгі көрінісіне ерекше мән береді. Қазақтанудың пән аралық білімдср жүйесі ретінде ұсына отырып, оның бүгінгі күнімен қатар болашақ бағыты туралы тың да құнды тоқтам-түйіндерін оқырманға ұсынады. Автордың университет оқу бағдарламасында болашақта қазақтың философиясы, тарихы мен әдебиетін қамтитын арнайы пән болып ендірілсе деген ойы да негізсіз емес.

