Аннотация
Отзывы
Жоғары мектептің бакалаврлық оқу сатысы мен магистратура бөлімінде, докторантура деңгейінде қазіргі қазақ әдебиеті тарихының негізгі, таңдауы бойынша оқытылатын курстарына арналып жазылған бұл оқу құралында қазақ әдебиеті (ХХ, ХХІ ғасыр) жанрлық тұрғыда жүйеленіп берілді. Қазақ прозасының қалыптасып дамуындағы елеулі шығармашылық бағыттары; тарихи, әлеуметтік, психологиялық, интеллектуалдық, т.б. роман түрлері, қазақ әңгіме- повестеріндегі көркемдік негіздер; поэзиядағы кезеңдік сипаттар, шеберлік өрісі; драматургия жанрының даму бағдарлары қамтылған оқу құралы қазіргі қазақ әдебиеттану ғылымының жаңа зерттеу нәтижелері негізінде жазылды. Әдеби мұраға қатысты тың пайымдаулармен мазмұндалған, әдістемелік тұрғыда пысықтау, жаттығу тапсырмаларымен жарақталған бұл оқу құралы «ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиеті», «Кеңес дәуіріндегі қазақ әдебиеті», «Тәуелсіздік кезең әдебиеті» пәндеріне арналған.

