Қылмыстық процестегі келіссөз өндірісі: ҚазақстанРеспубликасының 2017 жылғы Конституциялық реформажағдайындағы құқықтық саясаттың жаңа басымдықтарыаясындағы әдістемелік және қолданбалы аспектілері: Монография/ Заң ғылымдарының докторы Б.Х. Толеубекованың жалпыредакциялауымен.
ISBN: 978-601-7607-96-8
Добавлено
Аннотация
Отзывы
Осы монография 2018 жылы ҚР БҒМ бюджетінен қаржыландырылған «Қылмыстық процестегі келіссөз өндірісі: Қазақстан Республикасының 2017 жылғы Конституциялық реформа жағдайындағы құқықтық саясаттың жаңа басымдықтары аясындағы әдістемелік және қолданбалы аспектілері» тақырыбына іргелі зерттеу аясында авторлық ұжым тарапынан жүзеге асырылған ғылыми ізденістің нәтижесі болып табылады. Жұмыс барысында судьяларға, прокурорларға және тергеушілерге процестік келісім мен келіссөз өндірісіне қатысы бар мәселелер бойынша сауалнама жүргізілді. Қылмыстық істер бойынша медиацияның жеке аспектілері қаралды. Әдеби қайнар көздердің ауқымды көлемін зерттеу нәтижесінде Қазақстан Республикасының, сондай-ақ алыс және жақын шетелдердің қылмыстық-процестік заңнамасына салыстырмалы талдау жүргізуге, заңнамалық сипаттағы бірқатар ұсыныстарды, сондай-ақ процестік келісімді жасауды және осындай қылмыстық істерді соттық қарауды жүзеге асыратын органдарға арналған ұсыныстарды тұжырымдауға мүмкіндік берді. Процестік келісім институты ҚР Қылмыстық өндіріске алғаш рет 2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап қолданысқа енгізілген жаңа ҚР ҚПК-нің қабылдануымен бірге 2014 жылдың 4 шілдесінде енгізілді. Процестік келісімді қолдану тәжірибесі төрт жылдан астам ғана уақытты қамтыды. Алайда бұл мерзім қаралып отырған бөлікте қылмыстық процестік заңын жетілдіруге бағытталған ұсыныстарды тұжырымдау талпынысын жүзеге асыруға, тиісті қатынастарды құқықтық реттеу жүйесіндегі неғұрлым маңызды мәселелерді айқындауға жеткілікті болып шықты. Басылым оқырмандардың кең ауқымына: судьялар, тергеушілер, прокурорлар, «Құқықтану» мамандығының бакалавриат студенттері, магистранттары мен докторанттары, педагогикалық және ғылыми қызметкерлерге арналған.