Режиссер шеберлігі.Пьесадан қойылымға дейін. 2-басылым.
ISBN: 978-601-361-181-5
Добавлено
Авторы: Рахимов Ә.С.
Аннотация
Отзывы
Бұл кітап оқырмандардың сұранысына байланысты толықтырылып 2-рет басылып отыр. Автордың бұл еңбегі үш бөлімнен тұрғанымен ортақ тақырыпты қамтитын – театр өнерінің биік мұраты туралы еңбек. «Пьесадан қойылымға дейін» атты бөлімінде режиссура мамандығының атқарар істері мен ізденістері, актерлармен және театр ұжымындағы түрлі бөлімшелердің жұмыстары туралы әрі тиянақты, әрі ұғынықты түрде баяндаса, екінші бөлімде ұлт пен ұрпақ тағдыры туралы Ас.Сүлейменовтің драматургиясы мен өзінің қойылымдары негізінде түйген ой-толғамдарын ұсынса, үшінші бөлімде актерлар туралы естелік-эсселері берілген. Олардың шығармашылығының бізге беймәлім тұстары жайлы әңгімелейді. Театр мамандары мен режиссураны мұрат еткен, сахна өнерін қуған жастар үшін аса қажетті кітап болары даусыз.