Аннотация
Отзывы
Бұл кітап негізінен сапа менеджменті, сапаны жақсарту және енгізу бойынша теориялық және практикалық ақпараттарды қамтиды. Сондықтан, бұл оқу құралында өндірістегі сапаға және жиынтық сапаға қатысты негізгі ұғымдар, принциптер мен әдістер талқыланады және оларды ұйымдарда қалай қолдануға болатындығы түсіндіріледі. Осылайша, сапа мен өндірістік кәсіпорын әртүрлі салалары арасындағы байланыс қарастырылып, жиынтық сапаны ұйымдық менеджменттің барлық дерлік саласында қолдануға болатындығы негізделеді. Сонымен қатар, сапаны жақсарту жолдары және сапа шеңберлерінің қызметі, сапа шығындары және сапаны өлшеу әдістері туралы кеңінен баяндалады. Сондай-ақ, кәсіпорындардағы өндірістік үдерістерді таңдау, жобалау және оны жетілдіру әдістері және алты сигманың принциптері мен статистикалық негіздері мен аудиті де қоса түсіндіріледі.
Бұл оқу құралы менеджмент білім беру бағдарламасында оқитын студенттер мен магистранттарға және сапа менеджменті бойынша жұмыс істейтін практиктер мен оқытушыларға арналған.

