Аннотация
Отзывы
«Шығыс толғауы» жинағы - оқушының домбыра аспабын меңгеруі табиғи логикалық жүйемен баспалдақты түрде: алғашқы перне басу, əртүрлі дыбыс шығару əдіс-тəсілдерін жеңіл меңгеруге бағытталған.Соған байланысты, мұнда оның ойнау ерекшеліктері өзіндік түрлі əдіс-тəсілдері ойға қонымды түрде нақтылы бір арнада келісті өрнектелген. Бұл жинақтың оқушы, талапкер өнерпаз қауымның, домбыра тартуды кəсіби тұрғыда меңгеріп, музыкалық сауаттылығын эстетикалық талғамын өсіріп, өнер талғамдарын үйренудегі орны айтарлықтай. Болашақ күйші өз бойындағы импровизаторлық қабілетін оятып, оны əрі қарай дамытудың өзіндік мəні бар.Бұл - күйшілік өнерге тəн дəстүрлі қасиетгердің бірі. Сондықтан оқытушының сабақты творчестволық шабытпен тартымды ұйымдастырып, əдістемелік тəсілді музыкалық-эстетикалық тəжірибенің озық үлгілерін ұтымды қолдана білуі қажет. Музыкалық образдың шеңбері неғұрлым кең болуы жəне əртүрлі жаттығулар мен этюдтер, əн-күйлерді орындаудың жас музыканттардың жан-жақты өсуіне əсері мол.Жинак музыка мектептері, орта жəне жоғары оқу орындарының студенттері мен магистранттарына жəне жалпы өнер сүйер жұртшылыққа арналған.