Аннотация
Отзывы
Оқу-тәжірибелік құрал Қазақстан Республикасының заңнамасы бойынша сотта азаматтық құқықтарды қорғаудың сұрақтарын қарастыруға арналған. Оқырманға ұсынылып отырған оқулықты біржағынан, соттарда әр түрлі азаматтық, оның ішінде тұрғын-үй, отбасылық, еңбек, сонымен қатар материалдық және моральдық нұқсанды өтеуге байланысты істер санаттары бойынша іс жүргізуге арналған оқу-тәжірибелік құрал ретінде, екінші жағынан әрбір тарауда түсіндірмелер, талап қою арыздарының, шағымдардың үлгілері және нормативтік база қамтылған азаматтық процестік құқықығының қысқаша курсы ретінде қарастыруға болады. Бірақ, оқу құралында келтірілген үлгілер жобалық (болжамды), сот тәжірибесінде кездесетін барлық жағдайдарды қамтымайды және қарастырылатын істердің ерекшелігін қамтымайды. Оқу-тәжірибелік құралы жоғары білім беру орындарының студенттері, курсанттары, тыңдаушылары, магистранттары, докторанттары және оқытушылары, ғылыми қызметкерлері, құқыққорғау қызметкерлері үшін қажетті оқу құралы. Сонымен қатар, азаматтық процестік құқығының қоғам өмірі үшін маңыздылығын ескере отыра азаматтық процестік құқықтың білімі мен сұрақтары қызықтыратын барша оқырман қаумаға да арналады.