Аннотация
Отзывы
Халқымыздың ғасырлар белестерінен жеткен елдік пен еркіндік, азаттық пен бостандық аңсаған тілегі, ой-арманы, мақсат-мұраты, сол замандардағы елдің көзі мен құлағы, жүрегі мен жанындай болған Махамбет, Дулат, Абай және Сүйінбай сынды ұлтжанды сөз зергерлерінің әдеби мұраларында өзінің айшықты көрінісін тапқан. Монографияда осы жай, яки, тарихтың бұлыңғыр, бұралаң тар жолдарының әдебиеттегі көркем суреті әдеби, ғылыми дерек- дәйектер негізінде жан-жақты ашылып талданған. Ұлтымыздың өткен өмір асуларын, ел кемеңгерлерінің ұлағатты ой-танымдарын тағлым тұтар ұрпаққа берер бұл еңбектің әдеби, тарихи, танымдық мәні зор. Кітап жоғары оқу орындарының гуманитарлық факультеттері студенттеріне, мұғалімдер мен ізденушілерге, сондай-ақ сөз өнері мен халық тарихын қастер тұтар көпшілік қауымға арналады.