Тағам өндірістерінің машиналары және аппараттары.Оқулық. 1 кітап
ISBN: 978-601-7659-18-9
Добавлено
Аннотация
Отзывы
Оқулықта тағам және өңдеуші өндірістердің жай-күйі мен оларды техникалық қамтамасыз етудің келешегі туралы мәліметтер жалпыландырылған. Тағам өнімдерінің машиналы технологияларының тиімділігін арттыру ісіндегі мәселелерге баса назар аударылған. Технологиялық кешендерді ұйымдастырудың заманауи түрлері, сонымен қатар өсімдік және жануар текті ауылшаруашылығы шикізаттарын, сондай-ақ теңіз өнімдерін тамақ өнімдеріне өңдеуге арналған желілердің машина-аппаратуралық сыз- балары ұсынылған. Жүзеге асырылатын процесстердің ғылыми негіздері және машиналар мен аппараттардың маңызды сипаттамаларының инженерлік есептеулері келтірілген. Механикалық, гидромеханикалық, жылу-, масса алмасу және биотехнологиялық процестерді жүргізуге арналған, сондай-ақ мөлшерлеуге және тамақ өнімдерін буыптүюге арналған құрал-жабдықтар жүйелеп сипатталған. Құралжабдыққа техникалық қызмет көрсетуді және жөндеу жұмыстарын ұйымдастырудың әдістері; басымдылық танытатын ғылыми мәселелер мен азық-түлік өндірісін дамытудың инженерлік міндеттері; жаңа техниканы жасауды ұйымдастыру мәселелері қарастылыған.