Аннотация
Отзывы
Техниканың қолданыстағы ең көп тараған түрі, әрі материалдық құрамы жағынан әр түрлі заттарды қамтыған белгілі өкілі ретінде автокөлікті алып қарауға болады және оған сараптама жасау арқылы басқа да машиналар мен механизм түрлеріне ортақ сәйкес келетін тұжырымдарды қалыптастыру мүмкіншілігі туындайды. Еліміздегі оқу орындарында өндірістік технологиялар және қоршаған ортаны қорғау бағытында дәріс алып жүрген шәкірттер бұл оқулықтан автокөлік техникасының қалдық түрлерін өндірістік өңдеуден өткізіп, екінші реттік шикізат түрінде кәдеге жарату технологияларының еуропада қалыптасқан озық үлгілерімен таныса алады. Сонымен қатар кез-келген экологиялық мазмұны бар шара ауқымды инвестициялық қаржы шығынын талап ететіндіктен оны жүзеге асыру заңнамалық тұрғыдан мәжбүрлеуге әкеліп соқтыратынын ескере отырып Еуроодақ (ЕО) аумағындағы жағдайдан түсінік беретін заң талаптары да талқыланған. Сондықтан бұл оқулық Көлік техникасы мен технологиясы, Құрылыс техникасы, Ауыл шаруашылық механизмдері және Қоршаған ортаны қорғау, Экология мамандықтары бойынша білім алып жүрген студенттерге және осы сала мамандарына арналады.