Аннотация
Отзывы
“Түрікше-қазақша түсіндірмелі тұрақты сөз тіркестері (ЖИ иллюстрациясымен)” Әдістемелік оқу құралы. – жаңа тұрпатты, жаңа әдістер мен жаңа технология - жасанды интеллект құралдарын қолдану арқылы жасалған оқу құралы. Бұл әдістемелік оқу құралының ерекшелігі – тұрақты сөз тіркестерін жаңа әдіспен түсіндіруінде. Тұрақты сөз тіркестері, көбіне, тірек сөздерінің тікелей мағынасы арқылы емес, оны жасаған сөздердің біріккен ерекше мағынасы арқылы жасалады. Тіл үйренушілер үшін мұндай құрылымды игеру қиынға соғады, сондықтан осы тұрақты сөз тіркестерінің мән-мағынасын нақты, дұрыс ұғу өте маңызды. Сондықтан қысқа мәтінмен және көрнекі суретпен түсіндіру тиімді әдіс ретінде қарастырылған. Әдістемелік оқу құралына енгізілген тұрақты сөз тіркестерінің көрнекі суреттерін жасау үшін DALL•E 3 жасанды интеллекті пайдаланылды. Бұл әдіс оқырманға әр тұрақты сөз тіркестерінің мағынасын тез әрі дәл түсінуге көмектеседі. Әдістемелік оқу құралы, үш негізгі бөлімнен тұрады: 1. Түрікше-қазақша тірек сөздері бірдей және мағыналары ортақ тұрақты сөз тіркестері. 2. Түрікше-қазақша тірек сөздері әртүрлі және мағыналары ұқсас тұрақты сөз тіркестері; 3. Түрікше-қазақша тірек сөздері бірдей және мағыналары бөлек тұрақты сөз тіркестері. Бұл әдістемелік оқу құралы тіл үйренушілердің сөздік қорын кеңейтіп, тұрақты сөз тіркестерін жазу және ауызекі сөйлеуде дұрыс қолдану дағдыларын дамытуға мүмкіндік береді. Әдістемелік оқу құралын, тіл үйренуші барша жұртшылық пайдалана алады.

