Аннотация
Отзывы
Тəуелсіздік талаптары ұлттық идентификациялану мен ұлттық бірегейлік, ұлттық бəсекелестікке қабілеттілік проблемаларын шынайы шындық тұрғысында бағалап, пайымдаудың зəрулігін туындатып отыр. Еңбекте бұл өзекті мəселелердің ұлттық маңызы мен бағыты əлемдік тəжірибе астарында ой елегінен өткізіледі. Осы тұрғыдан келгенде автор Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың еңбектеріндегі халқымыздың рухани жаңғыруына орайлас тұжырымдарды негізге алып отырды. Сондай-ақ кітапта Елбасы Нұрсұлтан Əбішұлының туған халқы алдындағы еңбегі, түркі əлемінің рухани астанасы - ежелгі Түркістанның өсіп-өркендеуіне бағытталған қамқорлығы, Тəуелсіздік құрдасы – ерекше мəртебеге ие болған Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің тыныс-тіршілігі жөнінде де кеңінен сөз болады. Кітап қалың оқырман қауымға арналған.