Аннотация
Отзывы
«Ұлы тұлғаларға - тағзым» атты оқу құралы: Жас өнерпаз балалар мен студенттердің өз ойын нақты, көркем сөз əрі халық мақал- мəтелдерін қолдану арқылы – есте сақтау жəне ойлау қабілеттерін дамыту арқылы сөздік қорын молайту. Нағыз адамға тəн міндеттерді дəріптей отырып, оқушылардың бойына сіңіру. Өз елі мен, жерінің қамын ойлайтын, өз ісіне жауап бере алатын, адал қызмет атқаратын, бəсекеге қабілетті тұлға тəрбиелеу арқылы: «Ұлы тұлғаларды» жастарға үлгі ету... Автордың Дана халқымыздың сөз өнері білімдік – тəрбиелік міндеттерді шебер пайдалана білуі жəне еңбекте тұжырымдалған терең мағыналы мақал – мəтелдердің молдығы жинақтың тəлімдік мəнін арттыра түседі. Тəлім – тəрбие беретін, өнер-білімге шақыратын халық мақал - мəтелдері, жастарды келесі ұрпақты өнер - білімді үйренуге баулиды. Адалдықты, адамдықты насихаттайды, ақылды мінезді адамдарды жастарға үлгі етіп, надандықты,талапсыздықты жəне жағымсыз мінез – құлықты мансұқтайды. Мақал – мəтелдерді ой елегіңнен өткізіп, бойыңа сіңіру - өнердің өнері, білімпаздың білгендігі, жүйіріктің озып келуі мен топ жарып суырылуымен тең... Жинақ жалпы орта білім беретін мектептердегі əн сабағы мен музыка мектебі оқушыларына, орта жəне жоғар оқу орындары студенттеріне арналады.