Аннотация
Отзывы
Бұл осы жылы жарық көрген «Үш ішекті аспаптар ансамбліне лайықталған шығармалар» (І-бөлім) кітабының жалғасы, ІІ-бөлімі. Бұл жинақтардың мазмұнының жаңашылдығы, құндылығы сол, бұлар – үш ішекті аспаптар ансамбліне арналған алғашқы кітаптар және авторлар осы шығармалардың барлығын өздері лайықтап, нотаға түсірген. Осы репертуарлық жинақтың ішіндегі Қазақстан мен шетел композиторларының шығармаларын консерваторияның студенттік үш ішекті аспаптар ансамблі әртүрлі сахналарда орындап жүр және сонымен қатар, жинаққа жаңадан түсірілген шығармалар да енген. Ұсынылып отырған «Үш ішекті аспаптар ансамбліне лайықталған шығармалар» (ІІ-бөлім) жинағы болашақта жоғары оқу орындары мен музыкалық колледждерде оқытылатын ансамбль пәнінің оқу және концерттік репертуарларын кеңейту үшін өте қажет кітап болады деп ойлаймыз.