Аннотация
Отзывы
«XIX ғасырдағы қазақ әдебиеті» атты бұл кітап XIX ғасыр әдебиетін толық қамтып жазылған алты бөлімнен тұратын оқу құралының бостандық рухындағы ұлт азаттығын жырлаған поэзияға арналған алғашқы бөлімі. Оқу құралында XIX ғасырдағы қазақ әдебиетінің тарихы кредиттік технологиялар бойынша оқыту жүйесіне лайықталып, типтік бағдарлама негізінде жазылған. Оқу құралы жоғары оқу орындарының бакалавриат дәрежесіндегі әдебиетші мамандар даярлау барысында оқытылатын міндетті пәнге арналғандықтан, бүгінгі студенттің жалпы білім беретін орта мектептердің келешек мұғалімдері боларын ескеріп, гуманитарлық бағыттағы орта мектептің X сыныбына арналған оқу бағдарламасында көрсетілген әдеби білім мазмұны да оқу құралында қамтылған. Еңбекте XIX ғасырдағы ел тарихы мен әдебиеті, оның бағыт, ағымдары, көрнекті сөз зергерлерінің шығармашылықтары әдебиеттану ғылымының қазіргі таңдағы тың деректерімен толықтырылып, бүгінгі күннің тәуелсіздік, рухани жаңғыру бағытына сай құрылған. Оқу құралы жоғары оқу орындарының филология мамандығы студенттеріне арналған. Сондай-ақ гуманитарлық бағыттағы лицей, колледж, орта мектептің әдебиет пәнінің мұғалімдері мен оқушыларының, сөз өнерін сүйер жандардың әдеби, рухани қажетіне жарайды.