Аннотация
Пікірлер
Оқу құралында Тамақ өнімдерінің сапасы түсінігі, сапа көрсеткіштердің жіктелуі, тамақ өнімдерінің сапасын зерттеу әдістері, соның ішінде ет, сүт, консерві, қоғамдық тамақтандыру өнімдерінің сапасын анықтау әдістемесі келтірілген. Оқу құралында тамақ өнімдерінің сапасын бақылау және бағалау кезінде студенттердің практикалық дағдыларға ие болу үшін қажетті зерттеулер енгізілген. Мұнда тамақ өнімдерін зерттеудің физикалық және физика-химиялық әдістерінің негіздерін сипаттауға, атап айтқанда поляриметрия, рефрактометрия, фотоколориметрия, рН-метрия негіздеріне ерекше назар аударылды. Оқу құралы В068-«Азық-түлік өнімдерінің өндірісі» білім беру бағдарламасының тобы бойынша оқитын студенттерге арналған. Сонымен қатар тамақ өнеркәсібі мен қоғамдық тамақтандыру кәсіпорындары жұмысшыларына, кадрларды қайта даярлау және біліктілікті арттыру жүйесінде оқитын жұмысшыларға қызығушылық тудыруы мүмкін.