Аннотация
Отзывы
Түр-түс құбылысы өзіне тән ерекшелігімен адамдардың қызығушылығын туғызып келді. Зерттеуші-ғалымдар сан ғасырлар бойы түр-түстің құпия сырларын ашуға тырысты. Айналадағы түр-түс әлеміне атаулар беру - барлық әлем халықтарына ортақ нәрсе. Дегенмен, әр халық аталмыш кұбылысты өзінше танып, өзінше атайды. Әр халықтың басынан өткерген тарихы, тұрмыс жағдайы, салт-дәстүрі түр-түс атауларынын, олардың қатысуымен жасалған тұрақты сөз тіркестерінен айқын көрініс береді. Бұл басылымда қазақ және ағылшын тілдеріндегі бір сыңары түртүс атаулары болып келген фразеологизмдер барынша қамтыла отырып, олардың құрылымдық типтері айқындалып, семантикалық және стильдік тұрғыдан жан-жақты талдау жасалды, тілдік табиғаты сипатталды. Тілтілдегі фразеологизмдер көкейге қонымды, ықшам да ұтқыр, бейнелі сөз өрнектері болғандықтан, олардың тілдің басқа да бейнелеуіш-көркемдеуіш құралдары - троптармен /метафора, метонимия, синекдоха, теңеу, символдық сөздер т.б./ және басқа да стильдік фигуралармен қарымқатынасы жан-жақты қарастырылды.

